Шетелден Түркияға көмек келуде

Сомали, Судан және Джибути қатарлы елдерден де қажылай көмектер келуде.

1945621
Шетелден Түркияға көмек келуде

Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамы эпицентрі Кахраманмараш болған жер сілкіністерінен кейін зілзаладан зардап шеккендерге 4 миллион 500 мың ауған ақшасын (шамамен 940 мың түрік лирасын) көмек үшін жіберді.

Талибан уақытша үкіметіне қарасты Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамының төрағасы Мевлеви Метиулла Халис Түркияның Кабулдағы елшілігіне барып, жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Халис жер сілкінісі кезінде қаза тапқандарға Алладан рахым, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Халис ең қиын кезеңде Ауғанстан халқының Түркияның қасында екенін баяндап, шамамен 940 мың түрік лирасын Түркияның Ауғанстандағы өкілетті және төтенше елшісі  Джихад Эргинайға табыс етті.

Ауғанстан Қызыл жарты ай қоғамына көмек бергені үшін алғыс айтқан  Ергинай екі елдің тарих бойы қиын кезеңде бір-біріне қолдау көрсеткенін білдірді.

Сомали, Судан және Джибути қатарлы елдерден де қажылай көмектер келуде.

Сауд Арабиясында болса Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге ұйымдастырылған көмек науқанында шамамен 305 миллион риал (81,2 миллион доллар) жиналды.

Иордания 480 шатыры бар екі әскери ұшақтың жер сілкінісінен зардап шеккендерге жеткізілу үшін Аданаға жіберілгенін жариялады.

Пәкістандағы Ұлттық Табиғи апаттарды басқару агенттігінің мәлімдемесіне қарағанда, Пәкістан халықаралық әуе жолдары  арқылы Түркияға көрпе мен қысқы шатырлар да бар 5 тонна көмек материалы жөнелтілді.

Пәкістанның Азад Джамму Кашмир аймағында министрлер кеңесінің, депутаттардың және аймақтағы барлық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының 5 күндік бөлігі жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін құрылған қорға аударылады.

Америка Құрама Штаттарының  Нью-Йорк Таймс даңғылында жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті.

Шарада хабардар болу мақсатында жер сілкінісінен зардап шеккендерге жедел қолдау үндеулері де тасталды.

 Германиядағы Әуе күштері жасаған мәлімдемеде жер сілкінісі болған аймаққа жеткізілу үшін Түркияға 9 жүк ұшағы жіберіліп, 10, 11 және 12-ші жүк ұшақтарының да дайындалғаны хабарланды.

Жүк ұшақтарымен жіберілген 187 тоннадан астам апаттық жүктің ішінде генераторлар, лагерь төсектері, шатырлар, жылытқыштар және көрпелер сияқты материалдар бар екені айтылды.

Голландияда болса жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар мен зілзала құрбандарын еске алу шаралары  және селбесу күні ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар