"НАТО елдері Түркиямен ынтымақтасады"

«Ойымызда түрік халқы бар» деді ол.

1945879
"НАТО елдері Түркиямен ынтымақтасады"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО елдерінің Түркиядағы жер сілкіністеріне байланысты Түркиямен берік ынтымақтастықта екенін айтты.

Столтенберг 14-15 ақпан күндері Бельгияның астанасы Брюссельде өтетін НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы үшін баспасөз мәслихатын Түркиядағы жер сілкіністеріне сілтеме жасаумен бастады.

«Ойымызда түрік халқы бар» деді ол.  Столтенберг НАТО-ға мүше елдердің Түркияға іздеу-құтқару қызметкерлері, өрт сөндірушілер, денсаулық сақтау қызметкерлері және жер сілкінісі мамандары сияқты көптеген көмек қызметкерлерін жібергенін білдірді.

НАТО елдерінің Түркияға баспана бойынша әртүрлі қолдау көрсететінін айтқан Столтенберг “Одақтасымыз Түркиямен тығыз ынтымақтасамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар