Зілзала аймағындағы іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда

Құлаған ғимараттардың үйінділері астында қалған азаматтарды құтқару жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда.

1944763
Зілзала аймағындағы іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда

Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 мың 342-ге жетті.

Аймақта 30 мың 306 іздеу-құтқару қызметкері жұмыс істеп жатыр. 

6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш болған және 10 аймақты қамтыған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18  мың 342-ге жетті.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәлімдемесіне қарағанда эпицентрі  Кахраманмараштағы жер сілкінісінен сағат 8.30-да 18 мың 342 адам қаза тауып, 74 мың 242 адам жарақат алды.

Құлаған ғимараттардың үйінділері астында қалған азаматтарды құтқару жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда.

Аймақта 30 мың 306 іздеу-құтқару қызметкері жұмыс істеп жатыр.  Оның 6 мың 810-ы басқа елдерден келгендер.

Жергілікті қолдау топтарынан тағайындалған далалық қызметкерлер санымен қоса аймақта жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің саны 121 мың 128-ге жетті.

AFAD, Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі және Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тарапынан жер сілкінісінен қатты зардап шеккен 10 қалаға 137 мың 973 шатыр мен 1 миллион 507 мың 494 көрпе жөнелтіліп, 97 мың 973 отбасылық шатырдың орнатылуы аяқталды.

Килис пен Шанлыурфада іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталып, Диярбакыр, Адана және Османиеде де үлкен көлемде аяқталғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар