Гутерреш баршаны Түркияға көмек беруге шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш «Қазір Түркия мен Сирия халқын қолдаудың уақыты келді» деді.

1944706
Гутерреш баршаны Түркияға көмек беруге шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараштағы 7,7 және 7,6 балдық жер сілкіністері  үшін «ғасырымыздың ең үлкен табиғи апаттарының бірі» деген сөзді қолданды.

Гутерреш БҰҰ-ның Нью-Йорктегі  штаб-пәтерінде баспасөзге мәлімдеме жасады.

Гутерреш «Біз көптеген адамдардың қазасына қатты қайғырудамыз. Қаза тапқандар саны күн сайын көбеюде. Мыңдаған ғимараттар қирады. Он мыңдаған адам суық қыста тоңып, қиыншылық шегуде.  Мектептер мен ауруханалар қирап қалды. Көптеген балалар жарақат алды » деп көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Түркияның он жылдан астам уақыт бойы 3,6 миллион сириялық босқынды қабылдау арқылы теңдесі жоқ жомарттық көрсеткенін және ғасырдың апатынан кейін БҰҰ-ның Түркия үкіметіне қолынан келген көмегін көрсетуге дайын екенін айтты.

Гутерриш халықаралық ұйымы миллиондаған босқынға көрсеткен қолдау мен жомарттықты Түркия мен Сирия халқына көрсетуге шақырып «Қазір Түркия мен Сирия халқын қолдаудың уақыты келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар