Әзербайжан президенті көңіл айтты

СКТР мен Пәкістан басшылары да көмекке дайын екендерін білдірді.

1942256
Әзербайжан президенті көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык ауданы болған және барлығы 10 қалаға әсер еткен 7,4 балдық жер сілкінісіне байланысты президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.

Әзербайжан президенттік аппаратының мәлімдемесіне қарағанда Әлиев өз жолдауында «Кахраманмарашта орын алған және бауырлас ел Түркияның  көптеген жерінде сезілген қатты жер сілкінісі нәтижесінде көптеген адамның қаза болуы және қирау туралы хабарға қатты қайғырдық. Осы қиын уақытта сізге барлық жағынан көмектесуге дайынбыз, қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына, бауырлас Түркия халқына Әзербайжан халқының атынан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің сауығып кетуін және жер сілкінісінің зардаптарының тезірек жойылуын тілеймін» деді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) президенті Ерсин Татар да Кипр түрік халқы атынан көңіл айтып, адам шығынының аз болуын тілейтіндерін білдірді.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф те Twitter-де көңіл айту хабарламасын бөлісті. Шериф "Түркияның оңтүстік-шығысында болған осы үлкен жер сілкінісі туралы хабар бізді қатты күйзелтті. Президент Режеп Тайып Ердоғанға және бауырлас Түркия көңіл айтамын" деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар