Акар журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Хулуси Акар Сирияның солтүстігінде Ресеймен ортақ әрекет жұмыстарын дамыта алатындарын айтты.

1927890
Акар журналисттердің сұрақтарына жауап берді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның солтүстігінде Ресеймен ортақ әрекет жұмыстарын дамыта алатындарын айтты.

Акар бас қала Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Акар 2022 жылы 28 желтоқсанда Ресейдің астанасы Мәскеуде Түркия, Ресей және Сирия қорғаныс министрлерінің үш жақты кездесуі туралы сұраққа қатысты «Біздің мақсатымыз-елімізді, ұлтымызды қорғау. Бұл үшін терроризммен күрес өте маңызды элемент болып табылады. Терроризммен күресте қол жеткізген табыстар мен жетістіктер баршаға аян. Біз бұл тақырыпта табанды екенімізді одақтастарымызға жеткіздік. Енді бір жағынан біз қосымша босқын қабылдайтын жағдайда емеспіз. Біз бұны ерекше атап өттік. Тағы бір маңызды мәселе Түркияда болсын, Сирияда болсын бізбен бірге болған сириялық бауырларымыз бар. Оларды қиыншылыққа ұшырататын шешім қабылдауымыз мүмкін емес. Біздің бұл көзқарасымызды әркім білуі керек және соған сәйкес әрекет жасауы керек» деген сөздер қолданды.

Акар Түркияның барлық көршілерінің, әсіресе Сирия мен Ирактың аумақтық тұтастығы мен егемендік құқықтарына құрмет көрсетуі керектігін атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар