Чавушоғлу елші Карловты еске алды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Мен елші Карловты құрметпен еске аламын. Жатқан жері жайлы болсын» деді.

1920679
Чавушоғлу елші Карловты еске алды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карловтың өлтірілуінің 6 жылдығына орай «Екі ел басшыларының қырағылығы мен мемлекет органдарымыздың жұмыстары нәтижесінде  бұл тұзақтың жолы кесілді. Қылмыстылар да сот алдында жауапқа тартылып, лайықты жазасын алды» деген сөздер қолданды.

Орыс ақпарат агенттігі Sputnik-ке берген сұхбатында Чавушоғлу Карловтың Түркия-Ресей қарым-қатынастарына маңызды қызметтер атқарған тәжірибелі дипломат ретінде түрік халқының сүйіспеншілігіне ие болғанын айтты.

Карловтың түрік-орыс достығына қосқан үлестерінің әрқашан есте қалатынын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бұл оқиғадан бері 6 жыл өтті. Бұл шабуылдың Карловтың жеке басына шабуыл жасау арқылы  түрік-орыс достығын нысанаға алғаны қазір белгілі болды» деді.

Карловтың ең маңызды мақсаттарының бірі түрік-орыс қарым-қатынастарын барлық салада дамыту екеніне назар аударған Чавушоғлу «Біз сондай-ақ ынтымақтастық пен диалогты жақсартуды жалғастырамыз. Халқымыздың тілегі мен ортақ мүддесі негізінде бұл бағыттағы күш-жігерімізді одан әрі арттыра береміз. Осыған орай мен тағы да Ресей халқы мен мемлекетіне, әсіресе елші мырзаның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Мен елші Карловты құрметпен еске аламын. Жатқан жері жайлы болсын» деп көрсетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар