Швеция премьер-министрі Түркияға келді

Ульф Кристерссон алдымен Анытқабірге барды.

1903580
Швеция премьер-министрі Түркияға келді

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келді.

Ульф Кристерссон алдымен ел астанасы Анкарада Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесі орналасқан Анытқабірге барды.

Мұнда Кристерссон Анытқабір арнайы кітабына қол қойып, былай деп жазды: «Осыдан 100 жыл бұрын негізі қаланған Түркия Республикасына келу мен үшін үлкен мәртебе. 1934 жылы Анкарадағы Швеция елшілігінің ашылуында сол кездегі мұрагер ханзада Густаф Адольфпен бірге түске фотосуреттеріңіз маған елдеріміз арасындағы тығыз байланыстың өте ертеден келе жатқанын еске түсіреді. Швеция мен осы әдемі ел арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуді қалаймын».

Президент Ердоған Кристерссонды Президенттік сарайда қабылдайды.

Кездесу барысында Швецияның лаңкестікпен күрестегі міндеттемелері мен НАТО-ға мүшелік процесі талқыланады.



Ұқсас жаңалықтар