Барлау қызметі Сирияда бір террористі залалсыздандырды

Террор ұйымының диверсиялық бөлімше басшысы залалсыздандырылды.

1900224
Барлау қызметі Сирияда бір террористі залалсыздандырды

Ұлттық Барлау ұйымы  бөлшектеуші террор ұйымы PKK-YPG-нің «Дерик» деп аталатын диверсиялық батальонының басшысы болған «Сердем Пир-Серхат Харун» лақап атты Ерсин Шахинді Сириядағы операцияда залалсыздандырды.

2014 жылы жікшіл террор ұйымы PKK-ның жалғасы YDG-H құрамында террор әрекеттерін бастап, кейін Ирак жеріне ауысқан Шахин 2017 жылдан бері Сирияда.

Түрік Қарулы күштеріне қарсы қарулы және бомбалау әрекеттері үшін нұсқау берген, ұйымның «Дерик» деп аталатын диверсиялық батальонын басқарған Шахин түрік барлау қызметінің операциясында залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар