Акар астық дәлізі жайлы Шойгумен сөйлеседі

Акар Қаратеңіздегі астық дәлізінің жалғасуын қамтамасыз ету үшін күш салатындарын айтты.

1900024
Акар астық дәлізі жайлы Шойгумен сөйлеседі

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Қаратеңіздегі астық дәлізінің жалғасуын қамтамасыз ету үшін күш салатындарын айтты.

Акардың төрағалығымен Бас штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер мен қарулы күштері қолбасшыларының қатысуымен бейнеконференция отырысы өтті.

Хулуси Акар Ресейдің 29 қазан күні Севастопольдегі шабуылдарға байланысты астық кәсіпорындарын уақытша тоқтатқаны туралы мәлімдемесінен кейінгі оқиғаларға тоқталды.

Акар «Мұндай жағдайда кемелердің жөнелтілуі кешіктіріліп, порттардағы кептеліс күшейеді. Мұқтаж болғандар астықты жедел күткен. Қиыншылық тіпті артуда» деді.

Бұл мәселенің шешілуінің маңыздылығын білдірген Акар президент Режеп Тайып Ердоғанның бұл тақырыптағы кездесулеірне тоқталды.

Хулуси Акар «Сондай-ақ біз Украина билігімен кездесіп жатырмыз, кешке Ресей қорғаныс министрі (Сергей) Шойгу мырзамен де кездесеміз. Біз әрқашан бейбітшілік, келісім және қарым-қатынастардың қалыпты түсуі үшін жұмыстарды жалғастырудамыз» деген сөздер қолданды.

Акар құрылған астық дәлізі аясында Украина порттарынан 409 кемемен шамамен 9,3 миллион тонна астық тасымалданғанын атап көрсеткен.

 



Ұқсас жаңалықтар