Катар Әмірі бүгін Түркияға келеді

Қатар мемлекетінің Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни бүгін ресми сапармен Түркияға келеді.

1892741
Катар Әмірі бүгін Түркияға келеді

Қатар мемлекетінің Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Түркияға ресми сапармен келеді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан  жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия-Катар Жоғары стратегиялық комитетінің сегізінші отырысы президент Ердоған мен Катар Әмірі Әл Санидің қатысуымен Стамбулда өтеді.

Тиісті министрлердің де қатысуымен өтетін Стратегиялық комитет отырысында Түркия-Катар қарым-қатынастары жан-жақты қарастырылып, екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және дамыту үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланады.

Кесдесулер барысында өзекті аймақтық және жаһандық мәселелер, сондай-ақ Түркияның стратегиялық серіктесі Катармен қарым-қатынастар туралы пікір алмасу көзделуде.



Ұқсас жаңалықтар