Патшайымның жерлеу рәсіміне Сыртқы істер министрі қатысады

Министр Чавушоғлу 19 қыркүйекте Ұлыбританияда өтетін жерлеу рәсіміне Түркия атынан қатысатынын айтты.

1880037
Патшайымның жерлеу рәсіміне Сыртқы істер министрі қатысады

Патшайым II Елизаветаның жерлеу рәсіміне Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысады.

Министр Чавушоғлу Анкарада дипломатия тілшілерімен өткізген кездесуде 8 қыркүйек бейсенбі күні қайтыс болған патшайым II Елизаветаның 19 қыркүйекте Ұлыбританияда өтетін жерлеу рәсіміне Түркия атынан қатысатынын айтты.

Чавушоғлу сонымен бірге бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ үшін 27 қыркүйек күні Жапонияда өтетін ресми жерлеу рәсіміне қатысатынын білдірді.

Абэ 8 шілдеде Жапонияның оңтүстігіндегі Нара қаласында сайлауалды үгіт-насихат кезінде сөйлеп тұрған кезінде атып өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар