Президент АҚШ-пен жасалған  F-16 келіссөздеріне тоқталды

Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1878078
Президент АҚШ-пен жасалған  F-16 келіссөздеріне тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Сирия демократиялық күштеріне қатысты қате қадамдарының жалғасқанын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда жұма намазынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

АҚШ-тың Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-мен жаттығу өткізуі туралы сұраққа Ердоған АҚШ-тың Сирия демократиялық күштеріне байланысты қате қадамдарының жалғасқанын білдірді.

Президент Ердоған «Былай қараңғанда Сирия демократиялық күштері қорғайды деп айталыды. Бұл шындыққа үйлеспейді. АҚШ террорист ұйымдарына  мыңдаған жүк көлік пен оқ-дәрі жіберіп келеді» деген сөздер қолданды.

Президент АҚШ-пен жасалған  F-16 келіссөздеріне де тоқталды.

Президент Ердоған «АҚШ бұл қарым-қатынаста бізді басқа жолдарға апармайды деп үміттенемін. Мен АҚШ соғыс ұшақтарын сататын әлемдегі жалғыз ел емес деп ойлаймын. Оны әртүрлі елдер де сатады. Бізге сигнал беретіндер бар» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар