Ердоған Босния және Герцеговинада

Президент Режеп Тайып Ердоған Босния және Герцеговинаға барды.

1876501
Ердоған Босния және Герцеговинада

Президент Режеп Тайып Ердоған әріптестерінің шақыруымен 6-7-8 қыркүйекте Босния және Герцеговина, Сербия және Хорватияға ресми сапармен барады.

Ресми кездесулер жасау үшін «TUR» жеке ұшағымен Босния және Герцеговинаның астанасы Сараевоға барған президент Ердоғанды ​​Босния және Герцеговина Президенттік кеңесі ғимараты алдында Кеңес төрағасы Сефик Дзаферович қарсы алды.

Одан кейін Президент Босния төрағалық кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесуден кейін делегациялар арасындағы кездесуге қатысты.

Ердоған бағдарламасы аясында Босния және Герцеговина Өкілдер палатасы мен Босния және Герцеговина халық мәжілісінің төрағалық кеңесі мүшелерін қабылдайды. Ковачи шейіттігі және жаңа Риясет ғимаратына барады. Түркия- Босния және Герцеговина бизнес форумына қатысып, іскеркерлерге  үн қатады.  

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, кездесулерде екіжақты қарым-қатынастар барлық аспектіде қарастырылады.

Түрлі салаларда бар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін атқарылатын жұмыстар, әсіресе бірлескен инфрақұрылым және инвестициялық жобалар талқыланатын кездесулерде Балқандағы оқиғалар мен халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасылады.

 



Ұқсас жаңалықтар