Израиль мен Түркия арасында авиациялық келісімі жасалды

Лапид келісім бойынша Израиль әуе компанияларының Стамбулдан және Түркияның басқа нүктелерінен ұшып қона алатынын мәлімдеді.

1875742
Израиль мен Түркия арасында авиациялық келісімі жасалды

Израиль премьер-министрі Яир Лапид Түркиямен әуе келісімін бекіткендерін жариялады.

Израиль премьер-министрі бұл туралы Twitter-дегі парақшасында «Үкімет ретінде Түркия мен Израиль арасында авиациялық байланыс орнату туралы келісімді бекіттік» деді.

Лапид келісім бойынша Израиль әуе компанияларының Стамбулдан және Түркияның басқа нүктелерінен ұшып қона алатынын мәлімдеді.

Израиль мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне назар аударған Лапид былай деді:  «Ең бастысы, бұл келісім израильдік жолаушылар мен Израиль авиациясына пайда әкеледі. Бұған қоса, бұл аймақтағы тұрақтылық пен өркендеу жолындағы маңызды стратегиялық қадам және екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына елеулі үлес қосады. Келесі қадам – елшілерді тағайындау».



Ұқсас жаңалықтар