Астық тасымалы жалғасып жатыр

Бүгін алты кеме жолға шықты.

1875289
Астық тасымалы жалғасып жатыр

Украина порттарынан астық тиелген тағы 6 кеме жолға шықты.

ТР Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда, Украина порттарында астық жөнелту жоспарланғандай жалғасуда.

Осы тұрғыда бүгін Украина порттарынан тағы 6 кеме жолға шықты.

Қаратеңізден қауіпсіз азық-түлік тасымалы дәлізі құрылуы үшін 22 шілдеде Стамбул Долмабахче сарайындағы президенттік кеңседе президент Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антонио Гутерриштің қатысуымен Украина және Ресей арасында «Стамбул астық келісіміне» қол қойылған болатын.

Қаратеңізден астық өнімдерін қауіпсіз түрде тасымалдау үшін құрылған Бірлескен үйлестіру орталығы 27 шілдеде Стамбулда жұмыс істей бастады.



Ұқсас жаңалықтар