Чавушоғлу Израильге елші тағайындалатынын мәлімдеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Израильге елші тағайындайтынын мәлімдеді.

1869170
Чавушоғлу Израильге елші тағайындалатынын мәлімдеді

Бас қала Анкарада Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен бас қосқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кейін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Израильмен қарым-қатынастарға тоқталған Чавушоғлу аталған ел мен Түркия арасында елші тағайындау тақырыбында шешім қабылданғанын хабарлады.

Израильде жаңа үкіметтің міндетін бастауымен келіссөз үдерісінің басталғанын еске салған Чавушоғлу «Қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін басылатын қадамдар арасында елшілерді тағайындау тақырыбы да орын алды. Бұл мәселе бойынша жұмысты бастағанымызды бұған дейін хабарлаған едік. Израиль оң қадам басты. Біз де Түркия ретінде Израильге елші тағайындауға шешім қабылдадық. Бар жақсылықты тілеймін. Енді дипломаттарымызды анықтау кезеңі басталады» деді.

Чавушоғлу сондай-ақ «Палестинаның құқығын қорғауды жалғастырамыз» деді.

Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапидтің кеңсесі бүгін жасаған мәлімдемесінде Израильдің Түркиямен толық дипломатиялық қарым-қатынастар және ынтымақтастықты қалыпқа келтіру шараларын бастағандарын білдірді.

Израиль мәлімдемесінде «Екі ел арасындағы қарым-қатынасты қайтадан дипломатиялық деңгейге көтеру, екі елдің елшілері мен бас консулдарын қайта тағайындау туралы шешім қабылданды» делінді.

Израиль премьер-министрлігі Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Түркиямен ынтымақтастықтың қайта басталуы, аймақтық тұрақтылық үшін маңызды бір құндылық және Израиль азаматтары үшін өте маңызды бір экономикалық жаңалық. Израильдің әлемдегі тұғырын нығайтуды жалғастырамыз. Премьер-министр Яир Лапид пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның кездесуінен кейін Израиль мен Түркия толық дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтірді» деді.



Ұқсас жаңалықтар