Венгрия түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін алатын болды

Ласло Палкович ресми кездесулер жүргізу үшін келіп, Анкарада Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

1868453
Венгрия түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін алатын болды

Венгрия Технология және өнеркәсіп министрі Ласло Палкович Венгрия армиясының түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға шешім қабылдағанын айтты.

Ласло Палкович ресми кездесулер жүргізу үшін келіп, Анкарада Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

Түркияға сапары аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы ынтымақтастықты қолға алғандарын айтқан Палкович Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанкпен екі жақты өнеркәсіп және технология ынтымақтастығын дамытуды талқылағандарын білдірді.

Палкович Венгрия мен Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығына назар аударды. «Венгрия армиясы түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға шешім қабылдады. Біз бронетранспортерлер саласындағы жетекші компанияның өнімін сатып алуды шештік. Сондай-ақ біз оны Венгрияда өндіру туралы келісім жасадық» деді ол. Министр бірлескен өндірістің бірінші кезеңінде құрастыру, ал екінші кезеңде өндіріс жүргізілетінін айтты.

«Біз қорғаныс өнеркәсібіндегі басқа да ынтымақтастықтар туралы сөйлестік. Әрине соның бірі - түрік ұшқышсыз ұшу аппараттары.  Түркия шығарған бұл көліктер шайқас алаңында жаңа жолдың бар екенін көрсетті. Осы себепті біз ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы ынтымақтастықты да талқыладық» деді ол.

Венгрия Қорғаныс министрлігінің «Байкар» компаниясы шығарған Байрактар ​​ұшқышсыз аппараттарына қатысты қажетті сараптамаларды жасағанын атап көрсеткен Палкович «Бұл басқаларға қарағанда арзанырақ болса да өте тиімді технология» деді.



Ұқсас жаңалықтар