Сүлейман Сойлу Өзбекстанда

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуны қабылдады.

1860878
Сүлейман Сойлу Өзбекстанда

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев ресми сапармен Өзбекстанның бас қаласы Ташкентте болған Сүлейман Сойлумен президенттікте кездесті.

Баспасөзге жабық өткен қабылдау шамамен 45 минутқа созылды.

Кездесудің басында Сойлу президент Режеп Тайып Ердоғанның Мирзиеевке сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында құқық қорғау және қоғамдық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуге Өзбекстан Ішкі істер министрі Пулат Бобожонов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Чатаклы да қатысты.

Сүлейман Сойлу ресми сапар аясында Ішкі істер министрі Пулат Бобожоновпен де кездескен еді.



Ұқсас жаңалықтар