Бес террорист залалсыздандырылды

3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

1857025
Бес террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігінде Түрік Қарулы күштері тарапынан 5 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 5 террористтің залалсыздандырылғаны атап өтілді.

Екінші жағынан Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге сәйкес, Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Жандармерия Бас қолбасшылығы мен Қауіпсіздік Бас Басқармасы жүргізген көндіру әрекеттерінің нәтижесінде тағы 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Берілген ұйым мүшелерінің 2014 және 2015 жылдары террорлық ұйымға кіріп, Сирия мен Иракта лаңкестіктерге қатысқаны анықталды.

Биыл көндіру арқылы берілген террорист саны 58-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар