Чавушоғлу: "Швеция мен Финляндия меморандум құжатындағы орындауға міндетті"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

1851673
Чавушоғлу: "Швеция мен Финляндия меморандум құжатындағы орындауға міндетті"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швеция және Финляндиямен жасалған үштік меморандумға қатысты «Швеция мен Финляндия меморандум құжатындағы орындауға міндетті. Орындамаса НАТО-ға қабылдамаймыз» деді.

Мевлүт Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

Түркия, Финляндия және Швеция арасында өткен аптада Испанияда жүзеге асқан НАТО көшбасшылар саммиті алдында НАТО-ға мүшелік процесін бастау үшін жасалған меморандумды бағалаған Чавушоғлу «Оларға берген құжатта дәлелдер негізінде PYD мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның бір-бірімен байланысы бар екенін дәлелдейді. Сол сияқты ұстап беретін террористтер, лаңкестікке қатысы бар, лаңкестікке қолдау көрсеткен, қылмыстары айқындалған адамдар туралы құжаттар мен дәлелдерді ұсынып отырмыз» деді.

Түркияның өз шарттарын айқын түрде белгілегенін және Финляндия мен Швецияның бұл шарттарды мойындағанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Мұнда (құжатта) терроризмнің барлық көріністері, оның бүкіл өрістері, майдандары айқын көрінеді. Өйткені олар бұл құжатты орындау керек. Егер олар орындамаса, біз бәрібір оларды НАТО-ға алмаймыз» деді.

Сыртқы істер министрі Финляндия мен Швецияның (НАТО-ға) «ықтимал мүшелігінің артынан келісімнің баптарын орындамаған жағдайда, не істеу керек?» деген сұраққа қайтарған жауабында «Ортада бір құжат бар. АҚШ және Ресеймен де келісіміміз нақты. Олар да бұл террористерді (Сирияда) 30 шақырым ішке қарай жылжытатын еді дегенмен уәделерін орындамады. Ал біз не істейміз, өз кіндігімізді өзіміз кесеміз және оларды тазалайтын боламыз. Түркия осында өзіне бағытталған бір қауіп төнгенін байқағанда қасында, артында немесе құрамында кім болса да тыңдамайды, қажет шараны қолданып, жояды. Барша мұны білсін» деді.



Ұқсас жаңалықтар