Манбидж маңындағы мина жарылысында 2 бала қаза тапты

Ойнап жүрген ағайынды 2 бала YPG/PKK-лық террористтер төсеген минаны басты.

1838456
Манбидж маңындағы мина жарылысында 2 бала қаза тапты

Сирияның солтүстігінде басып алған Манбидж ауданындағы азаматтық елді мекенде YPG/PKK террор ұйымы төсеген минаны басқан ағайынды екі бала қаза тапты.

Өмер Абдулла (8) және Абдулла Абдулла (10) атты екі ағайынды бала ойнап жүрген кезде террористтер төсеген минаның жарылуы салдарынан мерт болды.

Түркия мен СҰА-ның Африн мен Евфраттың шығысында YPG/PKK басып алған аймақтарға жасаған «Зәйтүн бұтағы» және «Бейбітшілік бұлағы» операциялары кезінде өте көп мина анықталып жойылған еді.



Ұқсас жаңалықтар