Стамбулдағы жиналыста дәнді дақылдар қолға алынады

Стамбулда құрылатын орталық арқылы Украина және Ресейдегі 20 тонна дәнді дақылдардың жаһандық нарыққа жеткізілуі жоспарлануда.

1836598
Стамбулдағы жиналыста дәнді дақылдар қолға алынады

Түркияның жүргізген дипломатиясы нәтиже беруде. 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысы салдарынан пайда болған азық-түлік дағдарысының шешімі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының шаңырағы астында жол картасы дайындалды. 

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда Түркия Украинадағы дәнді дақылдың қауіпсіз түрде жаһандық нарықтарға жеткізілуі максатымен бір орталық құру үшін талай уақыттан бері дипломатиялық талпыныстар жүргізуде. 

Түркия  Ресей, Украина және БҰҰ лауазым иелерімен өткізген келіссөздер нәтижесінде БҰҰ шаңырағы астынды дәнді дақылдар дәлізінің іске қосылуына байланысты жол картасы дайындады. 

Алдымыздаға күндерде барлық тараптар Стамбулда бас қосып, жол картасын егжей-тегжейлі талқылайды. 

Төрттік жиналыста аймақтағы теңіз миналардың тазалануы, сақтандыру, қауіпсіздік, басқару орталығында орын алатын қызметкерлер сынды тақыраптар қолға алынады. 

Түркияның Ресей және Украина арасындағы араағайындығы мен БҰҰ-ның ұйымдастыруында Стамбулда құрылатын орталық арқылы Украина және Ресейдегі 20 тонна дәнді дақылдардың жаһандық нарыққа жеткізілуі жоспарлануда. 

Президент Режеп Тайып Ердоған осы апта Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленксиймен телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгіме барысында басты күн тәртіптің бірі де дәнді дақыл дәлізі болды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар