Түркияның шет тілдердегі аты "Türkiye" тіркелді

Сыртқы істер министрі Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымында «Türkiye» ретінде тіркелгенін хабарлады.

1835697
Түркияның шет тілдердегі аты "Türkiye" тіркелді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) шет тілдеріндегі атауының «Türkiye» ретінде тіркелгенін хабарлады.

Мевлүт Чавушоғлу Twitter-дегі парақшасында Түркияның бренд құнын арттыру үшін президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында басталған процестің аяқталғанын айтып, былай деп жазды: “Бүгін БҰҰ Бас хатшысына жолданған хатым арқылы біз еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде «Türkiye» деп тіркеп жатырмыз. Құтты болсын!»


Этикеттер: #БҰҰ , #Түркия , #Türkiye

Ұқсас жаңалықтар