«Türkiye» атауы халықарада қолданылады

Мевлүт Чавушоғлу тақырып жайлы мәлімдемесінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдерде «Türkiye» атауының қолданылуына байланысты жазбаша өтініш жасалатынын білдірді

1835350
«Türkiye» атауы халықарада қолданылады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдерде «Türkiye» атауының қолданылуына байланысты жазбаша өтініш жасалатынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның қолтаңбасымен Ресми газетте жарияланған құжатта экспорт өнімдерінде "Made in Turkey" (Түркияда жасалған) деген сөздің орнына "Made in Türkiye" сөз тіркесі қолданылатыны атап өтілді.

Мевлүт Чавушоғлу тақырып жайлы мәлімдемесінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдерде «Türkiye» атауының қолданылуына байланысты жазбаша өтініш жасалатынын білдірді.

Осылайда Түркияның халықаралық саудадағы табысты өнімдері «Türkiye» атауымен әлемге таныстырылады.

«Türkiye» маркасын күшейту жұмыстары аясында басқа елдер және халықаралық ұйымдармен ресми байланыстарда, әр түрлі іс-шаралар мен хабарласуда  'Turkey', 'Turkei', 'Turquie'  және басқа атаулардың орнына «Türkiye» атауы қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар