Чавушоғлу: "Германия мен Францияның елшілері министрлікке шақырылды"

Мевлүт Чавушоғлу Анадолы агенттігінің (AA) «Редактор үстелі» бағдарламасына қатысты.

1835376
Чавушоғлу: "Германия мен Францияның елшілері министрлікке шақырылды"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Франция мен Германияның Түркиядағы елшілерінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның сол елдерде ұйымдастырған шерулеріне байланысты министрлікке шақырылып, өздеріне нота берілгенін хабарлады.

Мевлүт Чавушоғлу Анадолы агенттігінің (AA) «Редактор үстелі» бағдарламасында күн тәртібіне қатысты мәлімдеме жасады.

Германия мен Францияда PKK шерулері туралы сөйлеген Сыртқы істер министрі «Екі елдің елшілері шақырылып, нота берілді. PKK шүберектерімен шерулер туралы «қайталанбау керектігін» жеткіздік» деді.

Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелік үдерісі туралы Мевлүт Чавушоғлу «Байланыстарымызда неге қарсы екенімізді түсіндіреміз. Терроризмге қарсы күресімізді қолдауға уәде берулері керек» деді.

«Финляндияға салыстырмалы түрде жылы қарай аламыз» деген Чавушоғлу: «Террор заңдарын өзгерту керек» деді.

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы жасалуы ықтимал операцияны бағалаған Сыртқы істер министрі «Шабуылдар жалғасып жатқанда, қолымызды байлап қарай алмаймыз» деді.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және халықаралық заңдардан туындайтын құқығымыз бар» деген Чавушоғлу «Террор қаупін іште және сыртта, Сирияда немесе қай жерде болмасын тазалау біздің міндетіміз» деді.

Чавушоғлу Грекияның Эгей аралдарын қаруландыруға қатысты «Қажетті ескертулерді жасадық, БҰҰ-ға екі хат жібердік» деді.

Сыртқы істер министрі «Егер Грекия бұл бұзушылықтан бас тартпаса, біз аралдардың егемендігін талқылауға ашамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар