Швеция делегациясы Түркияға келеді

Швеция үкіметі Түркияға дипломаттардан құралған бір делегацияны жіберуге шешім жасағанын хабарлады.

1827275
Швеция делегациясы Түркияға келеді

Швеция үкіметі НАТО мүшелігін қолға алу үшін Түркияға дипломаттардан құралған бір делегацияны жіберуге шешім жасағанын хабарлады. 

Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде билік басындағы Социал-демократиялық партиясының мемлекетінің НАТО мүшелігіне өтініш беру жөнінде жасалған шешімді қолға алу үшін таяуда астана Анкараға бір делегация жіберетінін білдірді. 

Швецияның НАТО мүшелігі өтінішіне қарсы Ресейдің наразылығына тоқталған Линде "Ресей бізге қарсы үгіт-насихат жүргізіуде. Кибер шабуылдар арттырылады" деген сөздер қолданды. 

Енді бір жағынан Германияның астанасы Берлинде НАТО Сыртқы істер министрлері бейресми жиналысында Линдемен кездескен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швеция және Финляндияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге ашық қолдау бергенін баяндады. 

Чавушоғлу "PKK/YPG әр күні біздің әскерлерімізді, полициямызды және бейбіт тұрғындарымызды өлтіруде. Одақтас болатын бір ел  PKK/YPG-ге қолдау көрсетпеуі керек. Өкінішке орай бұл әрекет барлық ескертулерімізге қарамастан жасалуда" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар