Чавушоғлу Панама президентімен бас қосты

Министр Чавушоғлу Панама президенті Лаурентино Кортизомен  Президенттік  сарай Паласио де лас-Гарсаста кездесті.

1820108
Чавушоғлу Панама президентімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Панама президенті Лаурентино Кортизомен бас қосты.

Латын Америкадағы сапары аясында Панамаға барған министр Чавушоғлу Панама президенті Лаурентино Кортизомен  Президенттік  сарай Паласио де лас-Гарсаста кездесті.

Мевлүт Чавушоғлу кездесу жайлы Твиттер желісінен бөліскен мәлімдемесінде:

"Панама президенті Лаурентино Кортизомен бас қостық. Экономикалық және сауда тақырыптарын қамтыған ынтымақтастығымызды барлық салада дамытамыз" деді.

Твиттер желісінен кездесу суреттерін бөліскен Панама президенті Лаурентино Кортизо:

"Президенттік  сарайда Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлун күтіп алдым және ұлттарымыздың байлығы үшін бізді бірлестірген ынтымақтастық пен бауырластық байланыстарды күшейтуден сөз қозғадық" деді.



Ұқсас жаңалықтар