Террористтер Маре ауданына шабуыл жасады

YPG/PKK-лік террористтер Тель-Рыфат ауданы маңындағы елді мекендерге шабуыл жасауда.

1818819
Террористтер Маре ауданына шабуыл жасады

Сирияда Тель-Рыфат ауданында бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK оппозициялардың бақылауындағы Маре ауданына зымыран шабуыл жасады. Шабуылда 5 адам жарақат алды. 

YPG/PKK-лік террористтер Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы 22 қазанда жасалған келісім бойынша Тель-Рыфат ауданынан шығуы керек еді. Бірақ аймақта ойран салып, Тель-Рыфат ауданы маңындағы елді мекендерге шабуыл жасауда. 

Террористтер мемлекеттің солтүстігіндегі Маре ауданына 6 дана зымыран шабуылы ұйымдастырды. 

Террор шабуылында 5 адам жарақат алды, көптеген құрылыс зақымдалды. 

Шабуылдан кейін "Евфрат қалқаны" операциялық аймағында Түрік Қарулы күштері Тель-Рыфаттағы ұйым орталығын нысанаға алды. 

 



Ұқсас жаңалықтар