Ердоған «Израиль қатыгездігін жалғастыруда» деді

Ердоған « Газада 7 қазаннан бері адамзат тарихындағы ең қатыгез қырғындардың бірі орын алуда» деді.

2138581
Ердоған «Израиль қатыгездігін жалғастыруда» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған « Газада 7 қазаннан бері адамзат тарихындағы ең қатыгез қырғындардың бірі орын алуда» деді.

Президент Ердоған Стамбулда өткен Дүниежүзілік Ислам ғұламалары кеңес саммитінің ашылу бағдарламасында сөз сөйледі.

Ердоған өзін «еркіндік елі» деп бағалағандардың Израильдің мүддесі сөз болған кезде кенеттен фашизмге бет бұрғанын айтты.

Президент Ердоған «Ішінде онкологиялық науқастары да бар 400-ден астам газалық науқастар мен жараланғандарды еліміздің ауруханаларында емдеп жатырмыз» деп көрсетті.

«Саналы елдер мен қоғамдардан басқа жаһандық жүйе қожайындарынан Израильге қысым көрсетеді деп күту мүлдем бос сөз» деген Ердоған «Біз Израильге антисемитизмнің таяқшасымен әрбір саналы дауысты өшіруге жол бермейміз» деді.

Ердоған Израильдің Газаға жасаған шабуылдары 7 қазанда басталғаннан бері адамзат тарихындағы ең қатыгез қырғындардың бірі болғанына назар аударды.

Ердоған «Израиль қатыгездігін жалғастыруда. 15 мың бала айуандықпен өлтірілді. 35 мың палестиналық ағайын шейіт болды. 2 миллион адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.  Ашық аспан астындағы түрме болған Газа соңғы 219 күнде оның мысалын Гитлерлік Германияда ғана болған қырып-жою лагеріне айналды» деп көрсетті.

Барлық елдерді Палестина мемлекетін тезірек тануға шақырған Ердоған «Хамас (Газа секторында) тұрақты атысты тоқтату жолында өте маңызды қадам басты. Нетаньяху әкімшілігінің шауабы болса,  Рафахтағы жазықсыз адамдарға шабуыл жасауы болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар