Нигериядағы жарылыста қаза тапқандар саны 110-ға жетті

Түркия Нигерияның оңтүстігіндегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыста қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1817744
Нигериядағы жарылыста қаза тапқандар саны 110-ға жетті

Нигерияның оңтүстігінде 22 сәуір күні заңсыз жұмыс істейтін мұнай өңдеу зауытында болған жарылыста қаза тапқандар саны 110-ға жетті.

Нигерия Ұлттық Төтенше жағдайларды басқару агенттігінің операциялық директоры Ифеани Ннажи ең соң бір жүкті әйелдің денесінің табылғанын, осылайша жарылыс кезінде қаза тапқандар санының 110-ға ұласқанын атап көрсетті.

Ннажи жарылыста қаза тапқандардың Имо провинциясындағы топтық мазарға жерленетінін мәлімдеді.

Жарылысты «қорқынышты» деп бағалаған Ннаджи құрбандардың күйген қалдықтарының жиналғанын және аймақта іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Екінші жағынан Түркия Нигерияның оңтүстігіндегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыста қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Нигерияның оңтүстігіндегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстан кем дегенде 100 адамның қаза табуы біз үшін өте өкінішті.  Опат болғандардың туыс-тамырлары мен дос және бауырлас Нигерия халқына шын жүректен көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар