Чавушоғлу Индонезия елшілігінің бетін ашты

Индонезияның Түркиядағы елшілігі жаңа ғимаратының беташар рәсімі өткізілді.

1816437
Чавушоғлу Индонезия елшілігінің бетін ашты

Сыртқы істер министірі Мевлүт Чавушоғлу индонезиялық әріптесі Ретно Марсудимен бірге Индонезияның Түркиядағы елшілігі жаңа ғимаратының ресми беташарына қатысты.

Индонезияның Түркиядағы елшілігінің жаңа ғимаратының ресми беташар рәсіміне Мевлүт Чавушоғлу, Индонезия Сыртқы істер министірі Ретно Марсуди, Анкара қаласының әкімі Мансур Яваш және Индонезияның Түркиядағы елшісі Лалу Мұхаммед Ихбал қатысты.

Мевлүт Чавушоғлу беташардағы сөзінде Индонезия мен Түркия екі жақтылы қарым-қатынастарымен бірге жаһандық тақырыптарда тығыз ынтымақтастық пен кеңес  ішінде екенін айтты.

Сыртқы істер министірі Мевлүт Чавушоғлу:

"Үлкен-20 елдері ретінде сауда мен экономикалық байланысы басты тақырыпта. Жоғары дәрежелі сапарлар, саудадан қорғаныс өнеркәсібіне дейінгі ынтымақтастықты дамыту үшін жұмыстанудамыз" деді.

Индонезия Сыртқы істер министірі Ретно Марсуди:

"Елшіліктің ашылуы үшін есе қосқан баршаға шынайы алғыс айтамын" деді.



Ұқсас жаңалықтар