АҚШ Türkiye-ге  F-16 соғыс ұшағын сатады

АҚШ Türkiye-ге F-16 соғыс ұшағын сатудың АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сай екенін білдірді.

1808487
АҚШ Türkiye-ге  F-16 соғыс ұшағын сатады

Америка Құрама Штаттары Türkiye-ге F-16 соғыс ұшағын сатудың АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сай екенін және НАТО-ның ұзақ мерзімді бірлігіне қызмет ететінін білдірді. 

АҚШ Сыртқы істер министрлігі  Türkiye-ге F-16 соғыс ұшағы саудасына байланысты АҚШ Конгресіне хат жіберіп, "F-16 саудасы АҚШ мүдделеріне сай және НАТО-ның ұзақ мерзімді бірлігіне қызмет етеді" деген көзқарас білдірді. 

Хатта Анкара мен Вашингтон арасындағы дағдарыс қабылданса, Türkiye-нің Украинамен болған қорғаныс қарым-қатынастары аймақта жаман ниеттілерге қарсы маңызды бір күш ретінде бағаландырды.

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Джо Байденмен 10 наурызда өткізген телефондағы әңгімесінде Türkiye-нің АҚШ-тан 40 жаңа ұшақ алынуы және қазіргі F-16 ұшақтарының модернизацияларын қамтыған талаптың ең қысқа уақытта жүзеге асырылуын күткенін айтқан еді. 



Ұқсас жаңалықтар