Ердоған Словения президентімен сөйлесті

Ердоған телефондағы әңгімеде Словениямен стратегиялық ортақтық пен ынтымақтастықты дамытуға мән беретіндерін айтты.

1807643
Ердоған Словения президентімен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Словения президенті  Борут Пахормен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Türkiye-Словения қарым-қатынастарын дамыту жолдары және Ресей  мен Украина соғысын қамтыған аймақтық тақырыптар талқыланғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған телефондағы әңгімеде Словениямен стратегиялық ортақтық пен ынтымақтастықты дамытуға мән беретіндерін айтты.

Энергия байлықтарын түрлендіріп, сенімді дәліздер арқылы тасымалдаудың қажеттілігі тіпті айқындалғанын айтқан президент Ердоған Каспий бассейніндегі және Жерорта теңізінің шығысындағы байлықтарды Türkiye арқылы Еуропаға тасымалдаудың стратегиялық маңызға ие екеніне тоқталды.

Ресей  мен Украина соғысына байланысты оқиғалар бағаландырылған кеңесте Ердоған атысты тоқтату және гуманитарлық дәліздердің ашылуына қатысты талпыныстарды жалғастырғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар