Шентоп Еуропа Одағы Парламент төрағалары жиналысында сөз сөйледі

Мұстафа Шентоп "Бұрынғы әлем бітті. Енді жаңа бір әлемнің құрылуы керек" деді.

1803768
Шентоп Еуропа Одағы Парламент төрағалары жиналысында сөз сөйледі

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Словенияның астанасы Люблянада өткен Еуропа Одағы Парламент төрағалары жиналысына қатысты. Шентоп осы таңда түсініктер, ұстанымдар және үлгілердің әлемде болған оқиғаларға шара таба алмағанын білдіріп "Бұрынғы әлем бітті. Енді жаңа бір әлемнің құрылуы керек" деді. 

Шентоп Словенияның астанасы Люблянада өткізілген Еуропа Одағы Парламент төрағалары жиналысының соңғы күнінде "Еуропа Одағы, аймақта (және басқа географияда) қауіпсіздік және байлықтың кепілгері" атты сессияға қатысты. 

Шентон жиналыста сөз сөйледі. Шентоп баяндамасында тарихтың ағынының тездегенін, қиын және стратегиялық шешімдердің жасалуы керек маңызды бір кезеңнен өткенін түсіндірді. 

Мұстафа Шентоп "Қолымыздағы мүмкіндіктер өткеннің және осы таңдағы түсініктер, ұстанымдар және үлгілер әлемде болып жатқан оқиғаларға шешім таба алмауда. Болған оқиғалармен күресуге, ықпал жасауға жәрдем бере алмауда. Бұрынғы әлем бітті. Енді жаңа әлемнің құрылуы керек" деген сөздер қолданды. 

Барлық күн тәртіпті өзгерткен, мағынасыз үлкен бір дағдарысқа және соғысқа  (Ресей-Украина соғысы) душар болғанын баяндаған Шентоп "Украинада болған дағдарыс, соғыс аймағымызға, Еуропаға, барша әлемге қауіп төндіруде" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар