Ердоған Гутеррешпен телефонда сөйлесті

Антониу Гутерреш президент Ердоғанға Ресей мен Украина арасындағы бітімгерлік талпыныстары үшін алғыс айтты.

1794692
Ердоған Гутеррешпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефонда екі басшының Ресей-Украина соғысын қамтыған аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылағаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина соғысында атысты тоқтату және бейбітшіліктің қайта орнауы үшін тығыз талпыныс көрсеткендерін, гуманитарлық жәрдем және эвакуациялау тақырыбында жұмыстанғандарын айтты.

Бас хатшы Антониу Гутерреш президент Ердоғанға Ресей мен Украина арасындағы бітімгерлік жұмыстары, бейбітшілікке есе қосуы және дипломатиялық талпыныстары себепті алғыс айтты.

Ресей Украинаға 24 ақпанда соғыс бастады.



Ұқсас жаңалықтар