Тағы 204 түрік азаматы эвакуацияланды

Сыртқы істер министрі хабарлады.

1790833
Тағы 204 түрік азаматы эвакуацияланды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей-Украина соғысына байланысты тағы 204 түрік азаматының Украинадан эвакуацияланғанын хабарлады.

Чавушоғлу кеше Twitter парақшасында Украинадан тағы 204 түрік азаматының жолға шыққанын, эвакуацияланған азамат санының 11 мың 841-ге жеткенін айтты.

Министр Чавушоғлу «Жолыңыз ашық болсын. Азаматтарымызды эвакуациялау бойынша жоспарлау жұмыстары жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар