Президент Ердоған Шарль Мишельмен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Еуроодақ кеңесі төрағасы Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті.

1790353
Президент Ердоған Шарль Мишельмен телефонда сөйлесті
erdoğan gitanas nauseda.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Еуроодақ кеңесі төрағасы Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы мен соңғы оқиғалар талқыланды.

Президент Ердоған Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілікті қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарын атап көрсетті.

Ердоған Литва президенті Гитанас Науседамен де телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Ресейдің Украинаға шабуылынан бастап, аймақтық мәселелер мен соңғы оқиғалар талқыланды.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар