Эвакуацияланғандар арасында Әзербайжан азаматтары да бар

Қазірге дейін 8 мың 50 түрік азаматы эвакуацияланды.

1788198
Эвакуацияланғандар арасында Әзербайжан азаматтары да бар

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей-Украина арасындағы соғыста осы уақытқа дейін 8 мың 50 түрік азаматының эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Министр Чавушоғлу Twitter парақшасында жариялаған жазбасында бүгін де Киев, Харьков, Одесса, Запорожье және Львовтан 2 мың 604 адам, соның ішінде Әзербайжан азаматтары да жолға шыққанын, осылайша эвакуацияланған түрік азаматтарының санының 8 мың 50 екенін атап көрсетті.

«Азаматтарды қауіпсіз эвакуациялау жөніндегі жоспарларымыз жалғасуда» деді ол.

Министр Чавушоғлу өзі қатысқан теледидар хабарында Украинадағы түрік азаматтарын құрлық арқылы эвакуациялаудың 25 ақпанда басталғанын, соғыс басталғаннан кейін теңіз және әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кеше 5 мың 850 түрік азаматының эвакуацияланғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар