Түркияның Польшадағы елшілігі мәлімдеме жасады

Елшілік түрік азаматтарының Украинадан Румыния, Венгрия және Словакия арқылы елден шығуын ұсынды.

1787080
Түркияның Польшадағы елшілігі мәлімдеме жасады

Түркияның Польшадағы елшілігі Украина-Польша шекара қақпаларында көп адам жиналғанын білдіріп, түрік азаматтарының Украинадан Румыния, Венгрия және Словакия шекара қақпалары арқылы шығуын ұсынды.

Варшавадағы Түркия елшілігі Украинадан Польшаға барғысы келген түрік азаматтары үшін жаңа мәлімдеме жасады.

Елшіліктің Твиттерден аккаунтынан жасалған хабарламада «Украина-Польша шекара қақпасында тығыздық өте жоғары. Ондаған шақырымға созылған көліктер мен мыңдаған жаяу адам. Осы тұрғыда азаматтарымызға мүмкіндігінше Румыния, Венгрия және Словакия шекара қақпалары арқылы Украинадан шығуды ұсынамыз. Польшаға келуі мүмкін адамдарды қарсы алуды, қабылдауды және эвакуациялауды жалғастырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар