Президент Ердоған Африка сапарының алғашқы аялдамасында

Президент өзімен бірге вакцина алып барғанын айтты.

1781874
Президент Ердоған Африка сапарының алғашқы аялдамасында

Президент Режеп Тайып Ердоған Конго Демократиялық Республикасына сүйінші берді.

Президент Африка турының алғашқы аялдамасы Конго Демократиялық Республикасына барып жетті.

Ердоғанды президент Феликс Чисекеди ресми рәсіммен қарсы алды. Оңаша және делегациялық кездесулерден кейін екі ел арасында келісімдерге қол қойылды. Артынан Ердоған мен Чисекеди бірігіп баспасөз мәслихатын өткізді.

Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде «Түркия мен Африка серіктестік саммитінде қабылданған декларация, іс-қимыл жоспары арқылы 2022-2026 кезеңінде екі жақты қатынастардың жол картасын айқындадық. Африка елдерімен қатынастарымызды шынайылық,  бауырластық негізінде жетілдіреміз» деді.

Ердоған «Коронавирусқа қарсы 100 мың доза алып келдім.  Денсаулық сақтау министріміз тағы да бір миллион доза Синовак және 100 мың доза Turkovac вакцинасын жолдайды» деді.

Конго Демократиялық Республикасы президенті Чисекеди болса «Түркия мен Конго қатынастарында тарихи күн» деді.

Президент Ердоған Конго Демократиялық Республикасынан кейін Африка сапарын Сенегал және Гвинея-Бисаумен жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар