"Түрік экономикасы ең мықты кезеңіне кіреді"

Ердоған Анкарада мүгедектерді мемлекеттік қызметке тағайындау бағдарламасына қатысты.

1780427
"Түрік экономикасы ең мықты кезеңіне кіреді"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Ұлы және мықты Түркияның қалыптасуы мақсатымен дайындалған бағдарламамызды сатылы түрде жүзеге асырып келеміз» деді.

Ердоған Анкарада мүгедектерді мемлекеттік қызметке тағайындау бағдарламасына қатысты. Президент осында Түркияның экономикада тарихының ең мықты кезеңіне кіретінін айтты.

«Жаз айларында осы көріністің жағымды әсерін байқаймыз» деді ол.

Режеп Тайып Ердоған әлемдегі теңгерімдер жаһандық медицина дағдарысы және оның экономикаға әсерімен бұзылған кезде Түркияның экономикадағы дайындығының жемісін көргенін айтты.

Ердоған: «Қолдау беріп, қатынаста жеңілдіктер арқылы мүгедек жандардың күнделікті тұрмысқа араласуын жеңілдеттік. Мүгедек жандардың егер мүмкіндік берілген жағдайда қандай табыстарға жететініне әсіресе спортта куә болдық. Халықаралық сайыстарда медаль үстіне медаль алған мүгедек спортшыларымыз еліміздің байрағын желбіреткен кезде біз де бақытқа бөлендік» деді.

Президент Ердоған 2030 Кедергісіз көзқарас құжаты арқылы Түркиядағы мүгедек жандардың әлеуетін жоғары деңгейде қолдануын қамдауды мақсат еткендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар