Махмут Аббас түрік делегациясын қабылдады

Делегация бүгін Израильге барады.

1780081
Махмут Аббас түрік делегациясын қабылдады

Палестина президенті Махмуд Аббас Рамаллада ТР Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өналды қабылдады.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Палестинаға барған түрік делегациясы Рамаллада Аббаспен кездесті.

Түркия-Палестина қарым-қатынастары талқыланған кездесуде түрік делегациясының «Түркияның «екі мемлекетті шешім» аясында Палестина халқына қолдау көрсетуді жалғастыратынын» мәлімдегені айтылды.

Түрік делегациясы Палестина Сыртқы істер министрі Рияд әл-Маликимен де кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды талқылады.

Кездесуге Түркияның Палестинадағы Бас консулы Ахмет Рыза Демирер де қатысты.

Калын мен Өналдың бүгін Израиль Сыртқы істер министрлігі және президенттік өкілдерімен кездесуі жоспарланған.



Ұқсас жаңалықтар