Бүгін 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні мерекесі

Түркия Республикасы мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ресми мерекелік күні.

2141270
Бүгін 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні мерекесі

Жыл сайын 19 мамыр күні тойланатын Түркия Республикасы мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ресми мерекелік күні.

1919 жылы 19 мамыр күні Мұстафа Кемал Ататүрік Бандырма паромымен Самсунға барды. Және бұл күні одақтас державалардың басып алуына қарсы түріктердің ұлтазаттық соғысы басталған күн болды.

1919 жылы 19 мамыр күні «Не тәуелсіздік, не өлім!» деген ұранмен жүргізілген түрік ұлтазаттық соғысының бастамасы ретінде тарихқа енді.

Ататүрік тәуелсіздік пен ағартушылық алауын жаққан бұл күнді «Жастар және спорт мерекесі күні» ретінде түрік жастарына сыйға тартты.

Жыл сайын 19 мамыр күні «Ататүрікті еске алу, Жастар және спорт күні» Түркияның түкпір-түкпірінде спорттық іс-шаралар және рәсімдермен қызу тойлануда.



Ұқсас жаңалықтар