Алтун Түркияның НАТО мүшелігінің 70 жылдығына арналған панельге қатысты

Коммуникация басқармасы Түркияның НАТО-ға мүше болуының 70-жылдығына орай панель ұйымдастырды.

1780546
Алтун Түркияның НАТО мүшелігінің 70 жылдығына арналған панельге қатысты

Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун НАТО-ның болашақта әрі әлемдік саясатқа, әрі мүше елдердің қауіпсіздік үміттеріне бұрынғыдан да көп үлес күткендерін атап көрсетті.

Алтун Коммуникация басқармасы тарапынан Түркияның НАТО-ға мүше болуының 70-жылдығы аясында бас қала Анкарада ұйымдастырылған «Өзгеріс динамикасы және ұзақ мерзімді одақ: Түркиямен 70 жыл бойы одан күштіміз» тақырыпты панельдің ашылуында сөз сөйледі.

Алтун НАТО-ның тек Атлант мұхитының екі жағын біріктіретін одақ емес, Америкадан Азия шекараларына дейін созылған 30 одақтасы бар күшті халықаралық ұйым екеніне назар аударды.

Түркияның НАТО және одақтастарынан күткен жауапкершіліктер бар екенін айтқан Алтун «НАТО Еуропадағы тұрақтылыққа үлес қосқандай, Еуропаның шекараларындағы тұрақтылық ізденістеріне ұмтылуды белсендірек қолдау керек. Тіпті соңғы 10 жылда Сирияда болған оқиғалардың өзі Еуропаның шекарасында бүкіл әлем үшін тұрақсыздықтың көзі бола алатын аймақтардың бар екенін көрсетті. Бұл аймақта пайда болған иммиграция мен терроризм сияқты мәселелер жаңа дәуірдің шешім күткен ең өзекті мәселелері болып табылады» деді.

Түркияның Сирияда ДАИШ және PKK сияқты көптеген террор ұйымымен бір мезгілде күресуге мәжбүр болғанын атап көрсеткен Алтун Түркияның бұл күресте НАТО одақтастарынан күткен қолдауды көрмегенін білдірді.

Алтун «Украина бүгін НАТО-ның назарына қалайша лайық болса, Ауғанстан мен Ауғанстандағы Әл-Қаида НАТО-ның басымдылығына қалайша айналса, Сириядағы террормен күрес және Сириядағы азаматтық соғыста тұрақсыздық тудыратын террор ұйымдары мен шетелдік күштердің теңгерімі де бірдей деңгейде НАТО-ның күн тәртібінде болуы керек еді» деді.

Түркияның 70 жыл ішінде достары мен одақтастарына сенімді серіктес болғанын бірнеше рет дәлелдегенін атап көрсеткен Алтун «НАТО болашақта әрі әлемдік саясатқа, әрі мүше елдердің қауіпсіздік үміттеріне бұрынғыдан да көп үлес қосады деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар