Ердоған мен Әл-Нахаян оңаша бас қосты

Коммуникация басқармасы Президент Ердоғанның ибн-Заидпен оңаша бас қосқанын мәлімдеді.

1778667
Ердоған мен Әл-Нахаян оңаша бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында Абу-Даби тақ мұрагері Шейх Мұхаммед ибн-Заид Әл Нахаянмен оңаша кездесді.

Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде «Президент Режеп Тайып Ердоған Абу-Даби тақ мұрагері Шейх Мұхаммед ибн-Заид Әл-Нахаянмен оңаша кездесті» делінді.

БАӘ ресми агенттігі WAM-да орын алған хабарда Ердоған мен ибн-Заидтың бас қала Абу-Дабидегі Әл-Ватан сарайында бас қосқаны білдірілді. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық оқиғалар талқыланды.

Хабарға қарағанда ибн-Заид президент Ердоғанмен кездесуінде бұл маңызды сапардың ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстарды нығайтуда жаңа бір кезеңнің бастауы болуын тіледі.

Аймақтық бейбітшілік пен ынтымақтастықта басылатын әрбір қадамды құптайтындарын білдірген ибн-Заид елінің аймақтағы әртүрлі қиындықтармен ортақ күресу үшін Түркиямен ынтымақтастыққа мән бергендерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар