Ердоған БАӘ газетіне мақала жазды

Президент Ердоған БАӘ-де шығатын Khaleej Times газетінің Түркия арнайы қосымшасына мақала жазды.

1777826
Ердоған БАӘ газетіне мақала жазды

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ресми сапарының екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға маңызды үлес қосатынын атап көрсетті.

Мақаласында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ынтымақтастық бағытында дамып келе жатқанына ризашылығын білдіріп, «Екі ел арасындағы ынтымақтастық салаларының артуы аймағымызға оң әсер етеді деп ойлаймын» деді.

Ердоған екі ел арасында сауда көлемінің жыл сайын артып келе жатқанын және алдағы жылдары оны екі есе арттыруды мақсат еткендерін білдірді.

Түркия мен БАӘ-нің аймақтық бейбітшілік, ынтымақтастық және өркендеуіне бірлесе үлес қоса алатынын атап көрсеткен Ердоған өзара қарым-қатынастарды дамыту талпынысының да жаһандық деңгейде тұрақтылыққа ықпал тілге тиек етті.

«БАӘ-ге жасайтын сапарым екі ел арасындағы достыққа берген мәнді көрсетуіне қоса, ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді» деген Ердоған Түркия мен БАӘ арасында энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, логистика, инфрақұрылым, қаржы, туризм, сонымен қатар климаттың өзгеруі, энергия, су және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты алға жылжытуды мақсат еткендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар