Түркияда вирустан 24 сағатта 236 кісі мерт болды

Бір тәулікте 96 мың 514 адамға коронавирус індеті жұққаны анықталды.

1774888
Түркияда вирустан 24 сағатта 236 кісі мерт болды

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 236 өлім-жітім тіркелді.

Соңғы 24 сағатта 432 мың 131 адамға сынама жасалды.

Бір тәулікте 96 мың 514 адамға коронавирус індеті жұққаны анықталды.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 83 мың 274 кісіге жетті.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында 1-ші, 2-ші және 3-ші компонентпен жалпы 143 миллион 125 мың  638 вакцина салынды.



Ұқсас жаңалықтар