Әлем лидерлері Ердоғанға көңіл сұрау тілектерін жеткізді

Ердоғанның көңілін сұрағандар арасында Қазақстан, Украина, Ресей, СКТР, Әзербайжан, Пәкістан және Грекия президенттері бар.

1774230
Әлем лидерлері Ердоғанға көңіл сұрау тілектерін жеткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине ханым жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті сынамасында вирусты жұқтырғаны анықталғаннан кейін әлем лидерлері көңілін сұрау сәлемдерін жолдап жатыр.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татар:

"Президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине ханым жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті сынамасында вирусты жұқтырғанын естідік. Өзім және халқым атынан денсаулықтарының тезірек қалпына келуін тілейміз" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Твиттер желісінде жасаған мәлімдемесінде:

"Құрметті досым Ерсин мырзаның тілектеріне өзім және Емине ханым атынан алғыс айтамын. Отбасыңызға және Кипр халқына сәлем айтамын" деп жауап берді.

Украина президенті Владимир Зеленский:

"Досымыз Тайып мырза мен жұбайы Емине ханымға шұғыл шипа тілейміз" деді.

"Президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев "шынайы көңіл сұрау" тілектерін жеткізді.

Ресей президенті Владимир Путин Ковид-19 індетінің Омикрон штамын жұқтырған Ердоған мен Емине ханымға шұғыл шипа тіледі.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан да шипа тілегін жеткізді.

Хамас Саяси бюросының төрағасы Исмаил Хание шипа тілектерін жолдады. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ковид-19 індетінің Омикрон штамын жұқтырған Ердоған мен Емине ханымға шұғыл шипа тіледі.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Емине ханымға көңілін сұрап және шұғыл шипа тілектерін жеткізгендер арасында Катар Әмірі Шейх Тамим бин Хамед әл-Тани, Грекияның премьер-министрі Кирякос Мицотакис, Косово президенті Вйоса Османи, Сербия президенті Александр Вучич, Сомали президенті Мохамед Фармаажо, Пәкістан президенті Ариф Альви, Гватемала президенті Алехандро Гиамматтей, Грузия президенті Саломе Зурабишвили, Босния және Герцеговина халық ассамблеясының төрағасы және Демократиялық әрекет партиясының төрағасы Бакир Изатбегович қатарлылар бар.

Президент Режеп Тайып Ердоған Твиттер желісінен көңілін сұраған лидерлерге алғысын жеткізді.

 



Ұқсас жаңалықтар