Калын мен Салливан телефонда сөйлесті

Ибрахим Калын НАТО одақтасы ретінде Түркияның Ресей-Украина арасындағы дағдарыстың шешілуі үшін әртүрлі қолдау беретінін де айтты.

1771940
Калын мен Салливан телефонда сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливан телефонда сөйлесті. 

Телефондағы әңгімеде саясат, экономика, екі ел қарым-қатынастар қолға алынды. Сонымен қатар Ресей-Украина дағдарысы, Түркия-Армения қарым-қатынасының қалыпқа түсу процесі, аймақтық және халықаралық тақырыптар жайлы пікір алмастырылды. 

Калын мен Салливан телефондағы әңгімеде екі ел арасында шынайы, жоспарлы және жалғастыруға болатын бір диалогты орнататын механизмнің тезірек жүзеге асырылуының маңыздылығын еске салды. 

Ибрахим Калын НАТО одақтасы ретінде Түркияның Ресей-Украина арасындағы дағдарыстың шешілуі үшін әртүрлі қолдау беретінін де айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар